Ақтөбеде Әлия Молдағұлова ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Ерлікке тағзым! Ақтөбеде қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың өмірден өткеніне 81 жыл толуына орай еске алу шарасы өтті. Қала орталығында ұйымдастырылған салтанатты жиынға еңбек ардагерлері, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, Әлия Молдағұлованың туыстары, жастар ұйымдарының өкілдері мен жазушылар қатысты. «Елім деп соққан жүрегі» деп аталған шарада Әлия ескерткішіне шоқ гүлдерді қою рәсімі өтті. Өңірде батырдың туғанына 100 жыл толуына орай ауқымды шаралар өткізу жоспарланып отыр.
Сапар Молдағұлов, Ә.Молдағұлованың туысы:
Әлия апай кезінде мені Ленинградтың перзентханасынан көтеріп шыққан, 1941 жылы мамырдың 20-сында, соғыстан бір ай бұрын. Сондықтан мен туған апамдай көремін. Басымыз қосылып отыр, қуаныштымын. Жастарымызға тілейтінім - осы Әлиядай болғанын тәуір көремін.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12