Бүгін Турин қаласында 32-ші дүниежүзілік қысқы универсиада ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Бүгін Турин қаласында 32-ші дүниежүзілік қысқы универсиада ашылады

Бүгін Турин қаласында 32-ші дүниежүзілік қысқы универсиада ашылады

Бүгін Италияның Турин қаласында 32-ші дүниежүзілік қысқы универсиада ашылады. Салтанатты шараны Қазспорт телеарнасы бүгін түңгі сағат 23:30-да тікелей эфирде көрсетеді. Спорттық жарыстар қаңтардың 23-іне дейін өтеді. Қазақстан құрамасынан 103 спортшы бақ сынайды. Атап айтсақ, биатлон, шорт-трек, шаңғы жарысы, мәнерлеп сырғанау, спорттық бағдарлау, фристайл, тау шаңғы спорты, ерлер мен әйелдер хоккейі. Сондай-ақ биыл алғаш рет жарыс бағдарламасына енгізілген пара шаңғы бойынша екі атлетіміз сынға түседі.

Дүниежүзілік қысқы Универсиадада 96 медаль сарапқа салынады. Айта кетейік, кеше Хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы Қысқы Универсиада ойындарын жеңіспен бастады. Бірінші матчта спортшыларымыз Швеция командасын 9:2 есебімен жеңді. Келесі ойында ерлер құрамасы 14 қаңтар күні Оңтүстік Корея командасымен кездеседі.

Аида Ахметбек

Бөлісу