Ақтөбеде бүйрегін сатпақ болған азамат сот алдында жауап берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Ақтөбеде бүйрегін сатпақ болған азамат сот алдында жауап берді

Ақтөбеде бүйрегін сатпақ болған азамат сот алдында жауап берді

Ақтөбеде ағзасын сатпақ болған тұрғын сот алдында жауап беріп жатыр. Ол бүйрегін 9 миллион теңгеге бағалап, әлеуметтік желіге хабарлама қалдырған. Қазір бұл қылмысқа қатысты сот процесі өтіп жатыр.

Жақсыбек Кемал, тілші:

Әлеуметтік желідегі хабарлама сатып алушылардың емес, алдымен прокуратура мамандарының назарын аударған. Айыпталушы Атырау қаласының тұрғыны. Оған құқық қорғаушылардың сұрауымен ақтөбелік келіншек хабарласып, науқас ағасы үшін бүйрек сатып алуға дайын екенін айтқан. Ауызша келісім жасалған соң ол Ақтөбеге келеді. Осында қаржының бір бөлігін, яғни 5 млн теңгені алып жатқан сәтінде қолға түскен.

Айыпталушы:

Қарызым болды. Бір жағдайлар болып қалды. Сол аулаға келдім. Ақшаның жартысын операцияға дейін, жартысын отадан соң аламын деп келістік. Сол уақытта 5 млн қолыма ұстатты. Мен асықпаңыз деп едім. Ол сөмкеме салып жіберді. Шығып бара жатқанда полиция ұстап алды.

Айыпталушы бүйрегімді сатуға біреулерге көп мөлшерде қарыз болғандықтан бардым деп түсіндіруге тырысты. Белгілісі - ота шығындарын да сатып алушы тарап өтеуі тиіс болған. Енді оның кінәсі толық дәлелденсе бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жақсыбек Кемал

Бөлісу