Жетісу облысында 14 жаңа мамандық ашылады
Жұмысшы мамандықтар жылында Жетісу облысының кәсіптік білім беретін оқу орындарында 14 жаңа мамандық ашылады. Өңірде еңбек нарығына талдау жүргізіліп, 5 негізігі бағыт бойынша «Жаңа мамандықтар атласы» бекітілді.
Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, туризм индустриясы, ақпараттық технология мен энергетика саласына қажет мамандар оқытылады. Облыстағы 27 колледжде 14 мыңға жуық студент білім алса, олардың 10 мыңнан астамы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша оқып жатыр. 15 оқу орны дуальды оқу жүйесін енгізсе, 80 кәсіпорын өзіне қажет мамандарды тапсырыс беріп оқытады.
Марат Сүлейменов, Жетісу облыстық білім басқармасының басшысы:
Талдықорған қаласында күзге дейін жоғарғы политехникалық колледж базасында жаңа құзыреттік орталықты ашуды жоспарлап отырмыз. Ол жерде қаладағы барлық колледж студені тәжірибе алмасуға, шыңдалуға мүмкіндік болады.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
«Әділет» партиясы «Есіктен есікке» акциясын бастады
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03