Басты Жаңалықтар Қайтарылған активтер есебінен жаңа спорт кешені салынады

Қайтарылған активтер есебінен жаңа спорт кешені салынады

Алматы облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа спорт кешені салынады. Үкімет Алматы облысы Кеген ауданының Жалағаш ауылында спорт кешенін салуға 1,1 млрд теңге бөлді. Жоба «Заңсыз активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң аясында іске асырылып жатыр.

Жалпы, былтыр Қазақстанда барлығы 90 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды, олардың басым бөлігі ауылдық жерлерде. Биыл 113 жаңа нысан салу және жұмыс істеп тұрған 26 спорт мекемесін күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан әлеуметтік маңызы бар нысандарды салуға, шамамен, 50,6 млрд теңге бөлді. Олардың қатарында 4 мектеп, оның ішінде біреуі музыкалық мектеп, спорт кешені, көпсалалы аурухана кешені, жатақхана және 2 балабақша бар.

Дастан Әлиев, Жалағаш ауылының тұрғыны:

Біздің Жалағаш ауылдық округінен 1,5 гектар жер бөліп, спорт кешені салынады деп жатыр. Бұған біз де, ауыл балалары да қуаныштымыз. Балалар арнайы жаттығатын жер жоқ. Мектептегі залдар босамайды. Сондықтан осындай кешен салынса деген арманымыз да, тілегіміз де осы болып тұр.

Азамат Бейбітұлы

Бөлісу