EXPO қалашығында орналасқан Жобалық кеңсе бар. Ақ Орда сайтының жазуынша, бұл кеңсе Мемлекет басшысының жолдаулары мен Қазақстанның ұлттық даму жоспарындағы басым бағыттарды жүзеге асыруға арналған шешімдер әзірлеумен айналысады.
Қазіргі алаңдататып отырғаны – экономика жайы. Президент «жоғары атқарушы билікті батыл шешімдер қабылдауы керек, нәтиже талап етемін» деген.
Бұдан кейін айтқаны, цитата: – Атом электр станциясының құрылысын жеделдету керек. Ana tili газетіне берген сұхбатымда екі үлкен станция салатынымызды айттым. Олардың саны тіпті үшеу болуы да мүмкін. Қазақстанды ядролық энергетикасы дамыған, жасанды интеллект қолданылатын, цифрландыру толық көлемде жүргізілген елге айналдыруымыз керек.
Иә, Ana tili басылымында жарияланған сұхбатта АЭС салуға тоқталған. Пікірінен цитата келтіреміз:
Жобалық кеңсеге барғанда министрлер мен әкімдердің жұмылуын Д.Сатыбалды қадағалайтынын айтты. Иә, дүйсенбіде Түркістан облысының әкімі Д.Сатыбалдыны босатып, Президент әкімшілігі басшының бірінші орынбасары қызметіне тағайындаған еді. Бұл қызмет – бірінші орынбасар деген, бір жарым жылдан кейін қайта ашылып отыр.
Айтпақшы, 2 млн-нан астам адам тұратын Түркістан облысының әкімі болып Сатыбалдының орынбасары болған Нұралхан Көшеров тағайындалды. Ауыс-түйіске байланысты Әділет министрі Азамат Есқараевтың босатылып, бұл қызметке Конституциялық соттың судьясы Ерлан Сәрсембаев тағайындалғанын айта кетейік.
Сонымен Ana tili газетіне сұхбат алушы Ерлан Жүністің «...Үкіметтің жаңа құрамы жасақталғанына, міне, 11 ай өтті. Меніңше, бұл – белгілі бір пайым жасауға жеткілікті мерзім. Министрлер кабинетінің жұмысына көңіліңіз тола ма?» деген сауалына:
«...Басты көрсеткіш – азаматтардың тұрмыс сапасы. Экономикадағы жетістіктер адамдардың күнделікті өміріне оң әсерін тигізбесе, оны әншейін сөз жүзіндегі жетістік деуге болады.Жуық арада Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Сол кезде жылды қорытындылап, қазіргі мәселелерді талқылап, жаңа жоспарлар жасаймыз. Қазақстанға экономиканың 4 пайыздық өсімі аздық ететіні анық... Үкімет экономиканы барынша дамыту үшін тың тәсілдер табуға тиіс» деп жауап берген.
Сонымен бірге «Ашығын айтсам, экономист басшылардың қазіргі жұмысын орташа деп бағалаймын. Олар халықаралық қаржы институттарының тілімен әдемі сөйлейді, алайда нақты нәтижесі бар шаруа шамалы болып тұр.
Қазір өңірлердегі ахуалды және экономиканың іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін жақсы білетін, яғни жергілікті жерде еңбек етіп, ысылған мамандар қажет» деген.
Тақырыпты Данияр Қайыртай талдайды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қомақты инвестициялар. Дегенмен тың тәсіл керек&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/205181/)