Алматыда жаңадан 21 мектеп салынып жатыр
Алматыда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған тағы бір білім ошағы қолданысқа берілмек. Мәжіліс депутаттары 2000 оқушыға арналған мектепті аралап, оқу орнының барлық талапқа сай салынғанына көз жеткізді. Әлеуметтік нысанның құрылысы толықтай аяқталған, шәкірт қабылдауға әзір. 11 млрд теңгеге салынған мектепте түрлі шығармашылық сыныптар, зертхана орталықтары мен асхана, спорт зал бар. Бір жыл бұрын басталған 3 қабатты ғимараттың құрылысы межелі мерзімде аяқталған. Ал қазір қалада «Жайлы мектеп» жобасы аясында 21 білім ұясы салынып жатыр.
Айдос Сарым, Мәжіліс депутаты:
Құрылыс басқармасы құжаттарын тапсырып, бүкіл коммуникациясын қосып, балалар кіріп, мұғалімдермен бірге жұмысын бастай берсе толық мүмкіндік бар. Басқа мектепте екінші, үшінші айналымда оқып жатқан балалар бар. Соларды осында әкеліп толығымен жаңадан өзі шаңырақ құрған мектеп болады. Жер айналымы 5 гектарға жақындайды. Болашақта қасына жылыжай құрса да мүмкіндік беретін жақсы мектеп.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17