Лос-Анджелесте орман өртімен күрес жалғасып жатыр
АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында орман өртімен күрес жалғасып жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, 180 мыңдай тұрғынға көшуге бұйрық берілген.
Ал күлге айналған үйлер мен құрылымдар саны 10 мыңнан асып отыр. Және де 450 мыңдай адам жарықсыз қалған. Ал экономикаға келген шығын 150 миллиард долларға жетіп қалуы мүмкін. Қазір тілсіз жауды ауыздықтауға мыңдаған маман мен техника тартылып отыр. Олардың жұмысына ұйытқыған жел мен аптап ыстық кедергі.
Роберт Луна, Лос-Анджелес округінің шерифі:
«Мен бір жайтты ескерткім келеді. Біздің команда төтенше жағдайда жұмыс істеп жатыр. Сондықтан белгілі бір аудандарға коменданттық режим енгізу қажет. Олар – Палисейд пен Итон елдімекендері».
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12