АҚШ-та деменцияға шалдыққан адамға робот күшік серік болады
АҚШ-та деменцияға шалдыққан адамдарға серік болатын робот күшік құрастырылды. «Джини» деп аталатын темір лабрадор сипағанға, дауыстық командаларға жауап береді, тіптен құйрығын бұлғаңдатады. Роботты Том Стивенс есімді калифорниялық кәсіпкер ойлап тапқан. Оған анасының Альцгеймер ауруына шалдығуы себеп болған. Осындай жандардың өмірін жеңілдету үшін Том оларға серік болып, көңілін аулайтын темір күшік жасап шығарды. Төртаяқты робот жалғыздық, мазасыздық, депрессияны жеңілдетуге көмектеседі. «Джини» биыл қолданысқа беріледі. Оның бағасы бір жарым мың доллар көлемінде болмақ.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12