Дамаск әуежайы 13 жылда Қатардан алғашқы ұшақ рейсін қабылдады
Сирияның жаңа үкіметі мен Қатар арасында қарым-қатынастар жолға қойыла бастады. Бүгін 13 жылда алғаш рет Дамаск әуежайы Қатардан шыққан жолаушылар рейсін қабылдады. Бұл бағытта ұшулар Сирияның бұрынғы үкіметі кезінде тоқтап қалған еді. Башар Асад үкіметі биліктен кеткеннен кейін өтпелі үкіметтің сыртқы істер министрі Дохаға барып, қатарлық әріптесімен кездесті. Тараптар сол кезде келіссөздің терең әрі жан-жақты болғанын айтқан еді. Бұған қоса Сирияны қайта құрудың жол картасын жасаудың маңыздылығы да қозғалған.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04