Қызылорда облысында көктайғақта патрульдік полиция көлігі жол апатына ұшырады
Қызылорда облысында да ауа-райы құбылып, көктайғақтан жол көлік оқиғалары көбейген. «Шымкент-Самара» күре жолында полицияның қызметтік автокөлігін жүк көлігінің тіркемесі басып қалған. Аймақтағы ахуалды тікелей эфирде Әділбек Серікұлы баяндайды.
Әділбек Серікұлы, тілші:
Бұл оқыс оқиға қалаға жақын Талдыарал ауылының тұсында кеше кешкісін болған. Ол жерде полиция қызметкерлерінен бөлек тағы екі адам жарақат алып, оларға медициналық көмек көрсетілген. Ал зардап шеккен екі полиция қызметкері ауруханада жатыр. Жағдайлары тұрақты, тиісті ем-домын алуда дейді дәрігерлер. Жалпы күні кеше қар аралас жаңбырдың соңы көктайғаққа ұласып, 10-нан аса жол көлік оқиғасы тіркелген. Күре жолда төрт жүк көлігі соқтығысып, аударылып қалды. Трассада мыңға жуық автокөлікке көмек көрсетілді. Қазір барлық бағыттар бойынша республикалық тасжолдар ашық. Көлік қозғалысына шектеу жоқ.
Әдідбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елімізде 3 жылда 40 мың тұрғын жаңа баспанаға көшіріледі
23.07.2026, 17:04
Азаматтық жауапкершілік – ел болашағын айқындайды
23.07.2026, 17:02
Сайлауалды үгіт-насихат науқаны басталады
23.07.2026, 17:01
Инвестициялық қауіпсіздік деңгейі бойынша Қазақстан 150 мемлекеттің ішінде 53-орынға көтерілді
23.07.2026, 09:14
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24