АҚШ-та орман өртінен қауіп төніп, 30 мың адам эвакуацияланды
АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласының маңында орман өрті қаулап барады. Одан талай үй жойылып, 30 мыңдай адам эвакуацияланған. Жалпы алғанда, Тынық мұхит жағалауындағы Малибу және Санта-Моника қалалары арасында 1 мың 200 гектарға жуық жасыл желек күлге айналыпты.
Қазір шамамен 13 мыңдай ғимаратқа қауіп төніп тұр. Және де Калифорния штатында миллиондаған адамға өрттен төнген қатердің күшейгені ескертілді. Тілсіз жаумен күреске арнайы бригадалар мен тікұшақтар тартылып жатыр. Бірақ ұйытқыған жел мен аптап ыстық өрт сөндіру операцияларын айтарлықтай қиындатып отыр.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12