Тибетте зілзала құрбандарының саны 126-ға жетті
Қытайдың Тибетінде жер сілкінісі құрбандарының саны 126-ға жетті. Іздеу-құтқару операциялары түні бойы тоқтамаған. Соңғы мәліметке қарағанда, соңғы тәулікте 400-ден астам адам құтқарылып, 30 мыңы қауіпсіз жерге көшірілді.
Қуаты 6,8 балдық зілзаланың эпицентрі әлемнің ең биік шыңы - Эверестен солтүстікке қарай 80 шақырым жерде, 10 шақырым тереңдікте анықталды. Сейсмикалық дүмпуді Непал, Бутан, Үндістан елдерінің тұрғындары да сезген. Жер тербелісінен Тибеттің Шигадзе аймағында 3 мың 600-дей үй қирады. Зардап шеккен адамдарға көмекке 500-ден астам адам мен 130 жедел жәрдем машинасы жөнелтілген.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12