500-ге жуық оқушы астан уланған мектептің асхана меңгерушісіне қатысты іс сотқа жолданды
Маңғыстауда оқушылар жаппай астан уланған мектептің асхана меңгерушісіне қатысты іс сотқа жолданды.
Еске салайық, қыркүйектің алтысы күні Мұнайлы ауданы Бесшоқы ауылындағы 8-мектепте 460 оқушы астан ұшынып, ауруханаға түскен болатын. Абырой болғанда, балалар емделіп шықты. Ал тексерулердің нәтижесінде мектеп асханасынан ішек бактериялары анықталды. 12 қызметкерден стафилококк табылды. Ал ыдыс жуушы дизентериямен ауырған. Осы қылмыстық іс енді тергеліп болды. Асхананың меңгерушісі санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзғаны үшін айыпталуда. Жеке кәсіпкер сот барысында ешқайда кетпеу жөнінде қолхатпен үйіне жіберілген.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04