Қазақ даласында дәрілік шөптің 700-ден аса түрі кездеседі
Қазір көп кездесетін қауіпті ауруларды табиғи шөптермен емдеуге болады. Бұл қазақтың дәстүрлі халық емі, дейді фармацевт-ғалым Арғынбек Қабылқақ.
Ғалымның айтуынша, қазақ даласында мың түрлі дертке шипа болатын емдік шөптің 720-дан астам түрі өседі. Олардың дәрілік қасиетін зерттеп, өңдеу маңызды. Әсіресе, Алматы облысы мен Шығыс Қазақстанда өсетін шөптердің емдік қасиеті мол. Дегенмен, бұл өсімдіктерді заңды қорғау жағы да ақсап тұр. Мысалы адам аяғы баспаған, таудың ұшар басында өсетін қарғалдақты алайық. Бұл шөп тек қазақ даласында кездеседі. Сонысымен де бағалы. Ал бабын тауып, қарғалдақтан дәрі-дәрмек әзірлесе пайдасы көл-көсір, дейді маман.
Арғынбек Қабылқақ, фармацевт-ғалым:
Қазақтың даласында өсімдіктің түрі көп. Киелі даладағы көптүрлі өсімдіктерді қазірден бастап аялап, қорғап алмасақ, кейін мүмкін ол өсімдіктер жоқ болуы да мүмкін. Батыста көп кездесе бермейтін итжүзім өсімдігі бар. Түйежапырақ, кермек, ажырық дейді. Осы өсімдіктерді заңды қорғау қажет. Осыдан 5-10 жылғы өсімдіктер жоғалып бара жатыр.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Футболдан Әлем кубогы Вашингтонға жеткізілді
04.12.2025, 20:25
Халықаралық инвестициялық форумға 20 елдің өкілдері қатысты
04.12.2025, 20:23
Әлем жаңалықтарына шолу
04.12.2025, 20:13
Елімізде балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салынуы мүмкін
04.12.2025, 20:12
Абай облысындағы шалғай ауылдар оңалып келеді
04.12.2025, 20:11
Шағымдардың басым бөлігін әкімшілік сот қарауы мүмкін
04.12.2025, 20:11
Елдің оңтүстігінде 11 мыңға жуық вагон кептелісте тұр
04.12.2025, 20:08
Биыл СҚО-на 900 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды
04.12.2025, 20:07