Тибетте жер сілкінісі құрбандарының саны 95-ке жетті
Соңғы ақпаратқа сай, Қытайдың Тибетінде жер сілкінісі құрбандарының саны 95-ке жетті. Тағы 130 адам жараланған. Бүгін Гималайдың солтүстік бөктерінде қуаты 6,8 баллдық зілзала болды. Одан көршілес Непал, Бутан, Үндістанда да ғимараттар теңселген. Дүмпуден Тибеттің Шигатсе қаласы қатты зардап шекті. Қазір іздеу-құтқару операциялары жалғасып жатыр. Сейсмологтардың мәлімдеуінше, жер сілкінісінің эпицентрі Эверестке апаратын жолдағы Тингри елді мекені маңында 10 шақырым тереңдікте анықталған. Мұны Қытайдың Зілзала желілері орталығы хабарлады. Ал АҚШ-тың Геологиялық қызметінің дерегінше, жер сілкінісінің магнитудасы 7,1 баллға жеткен.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12