Алматыдағы жылу энергетикалық орталығын газға көшіру экологияға оң ықпалын тигізді
Алматыдағы №1 жылу энергетикалық орталығы газ отынына ауыстырылғалы экологияға оң ықпалын тигізіп келеді. Орталық жұмысымен танысқан Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова осындай пікір білдірді. Қазір қазандықтан шығатын ластаушы заттар бірнеше есеге азайып, қалыпты жағдайдан аспайды. Барлығын онлайн түрде экология комитеті тексеріп тұрады, дейді жауаптылар. Орталық тәулігіне 1 млн 300 мың текше метр газ тұтынады. Мәжіліс депутаты ауа сапасын арттыру үшін жеке тұрғын үйлерді де көмірден көгілдір отынға алмастыру керек екенін атап өтті. Айта кетсек, №1 жылу энергетикалық орталығы 2017 жылы газ отынына ауыстырылған.
Ирина Смирнова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Өйткені жеке тұрғын үйлердің басым бөлігі әлі күнге дейін көмірмен жылытылады. Үйіне газ кіргізбегендерге көмектесіп, жеңілдетілген бағдарлама ойластыруымыз керек. Жанармайдың сапасын жақсартып, көліктерден шығатын зиянды қалдықтарды азайту мәселесі де өзекті. Осы олқылықтар шешілгенде ғана біз таза ауамен тыныстап, экологияны жақсартамыз деп ойлаймын.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) халықаралық кинофестивалі өтіп жатыр
02.10.2026, 12:34
Президент: Трамптың суперинтеллект туралы келісімі жаһандық үлгі болуы мүмкін
02.10.2026, 11:20
Шетелдік басылым Қазақстанның соңғы жылдардағы өзгерісіне назар аударды
02.10.2026, 09:10
Трамп бастамасымен жасалған суперинтеллект туралы келісім жаһандық деңгейде үлгі болуы мүмкін — Тоқаев
02.10.2026, 08:36
Азиада: Ұлттық құрама жалпыкомандалық есепте 9-орында тұр
01.10.2026, 20:30
Спортшылар Азия ойындарынан жүлдемен оралды
01.10.2026, 20:30
NVIDIA Қазақстандағы AI инфрақұрылымын дамытуға қатысады
01.10.2026, 20:29
Әнші Sadraddin-нің концертіне 70 мың көрермен жиналды
01.10.2026, 20:29