Ақтөбе облысында 3 ауыл жарықсыз қалды
Ақтөбе облысында жаңа жылды жеті ауылдың тұрғындары жарықсыз қарсы алды. Тағы екі елдімекенде байланыс үзілген.
Мұғалжар ауданында электр желілеріне қалыңдығы 5 см болатын мұз қатып, үзіліп қалған еді. Ауа райының қолайсыздығынан Ащылысай мен Сабындыкөл және Құмсай мен Ақсу ауылдарының ортасындағы 76 баған құлады. Қатқан мұздың диаметрі кей аумақтарда 20 см-ге дейін жетті. Кезекші бригадалар желілерді мұздан тазартумен айналысуда. Қажетті құрал-жабдықтар әкелінді. Жұрын, Қаракөл, Сабындыкөл ауылдарына да мамандар келді. Қазіргі уақытта 3 елдімекенде әлі жарық жоқ. Ауданда 70 бригада, 130 арнайы техника жұмыс істеп жатыр.
Дархан Ермағамбетов, Мұғалжар ауданының әкімі:
Күн күрт жылып, мұздақ электр желісінің бойына қатқандықтан, соның салмағымен кейбір жерде сым үзілуіне байланысты, кейбір жерде мұз қатуына байланысты жарық болмады. Қазіргі таңда 2 ауылда жөндеу жұмысы жүріп жатыр және мұзды желіден түсіру бойынша жұмыс атқарылып жатыр.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17
Соңғы 7 жылда 36 мың шақырымнан аса жол салынған
21.10.2026, 20:16
Кеншілер әулетіндегі жас маман атакәсіпті жалғастырды
21.10.2026, 20:15
Жолаушылар пойызы интернетпен қамтылды
21.10.2026, 20:13
Қызылордада инвестициялық жобалардың құрылысы басталды
21.10.2026, 20:11
Қытайда робот өндірісінде 6G технология қолданылды
21.10.2026, 20:08