Астанада жаңа студенттер үйі ашылды
Астанада 2700-ге жуық орны бар жаңа студенттер үйі ашылды. Еуразия ұлттық университетінің студенттері мен магистранттарына және докторанттарына арналған жатақхананы Мемлекет басшысы аралып көрді. Ғимарат құрылысында ерекше қажеттілігі бар студенттердің де талап-тілегі ескерілген. Оның дизайны мен инфрақұрылымы кедергісіз орта қалыптастыру талаптарына сай келеді. Жалпығ былтыр ел аумағында 11 мыңнан астам студентке арналған 40 жатақхана пайдалануға берілген. Биыл елорданың өзінде 3400 орындық 7 жатақхананы іске қосу жоспарланып отыр.
Азамат Жұматаев, Еуразия ұлттық университеті студенттер үйлері дирекциясының директоры:
Бұл жатақханамыздың басты ерекшелігі - заман талабына сай білім алушылардың еркін білім алып, жатақханада ғылым, біліммен қоса жалпы өмір сүруіне барлық жағдай жасалған. Жатақханада білім алушылардың әртүрлі санатына арналған бөлмелер бар. Мүмкіндігі шектеулі студенттерге, ғылыммен айналысатын магистрант, докторанттарымызға, 1,2,3,4 курс студенттеріне арналған арнайы бөлмелер жасақталған.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22
Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары
25.09.2026, 20:18
Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы
25.09.2026, 20:16