Құрылысы ұзаққа созылған гемотологиялық орталық биыл пайдалануға беріледі. Жалпы құны 71 миллиард теңге болатын кешеннің іргетасы 4 жыл бұрын қаланған. Алайда құрылыстың 50 пайызы салынған соң, қаржы тапшылығынан тоқтап қалған. Жетпей қалған 41 миллиард теңгені республикалық бюджеттен бөлу жөнінде шешім шықты. Осы қаражаттың қалай игеріліп, құрылыстың қалай жүріп жатқанын Мәжіліс депуттары барып көрді.
Ұлықбек Тұмашинов, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:
Енді бұлар қазір 3-4 жыл тұрып қалды ғой. Ақша болмағандықтан. Бәрін аралап көрдік. Аспаптары келіп жатыр. Жұмыстары жүріп жатыр. Бұл енді жылдың аяғына дейін салынып бітеді деген үмітіміз зор.
Ақмола облысындағы Зеренді ауданының 16 ауылын сапалы ауыз сумен қамту жоспарланып отыр. Әзірге республикалық бюджеттен 5 жобаға 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. 11 ауылға су тарту үшін тағы 7 млрд теңге қажет.
Өңірге жұмыс сапарымен барған Сенат депутаты Талғат Жүнісов Бірлестік пен Сейфуллин ауылдарында болып, тұрғындармен кездесті. Бұл ауылдарға мердігер өз қаржысына су құбырын тартқан. Халық ауыз судың сапасына риза. Себебі, мұнда келген су бірнеше сүзгіден өтіп, тазартылады. Енді республкиалық қазынадан бөлінген қаржы мердігерге табысталмақ.