Бұрынғы вице-министр Ерлан Қожағапановтың ісі бойынша тергеу аяқталды
Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы вице-министрі Ерлан Қожағапановқа қатысты тергеу аяқталды. Оған өзінің сыбайласымен 1 млрд теңгеден астам қаржы жымқырды деп айып тағылуда. Естеріңізге сала кетейік, экс вице-министдің ұсталғаны жөнінде ақпарат наурыз айында шықты. Тергеу 9 айға жуық уақыт жалғасты. Дау 6 жыл бұрын Петропавлда ұйымдастырылған көрме төңірегінде болған. Яғни, экс вице-министр коммерциялық ұйымның мүддесін қолдап, шараны өткізу қаражатының екі есеге дейін өсуіне жол берген деп күдікке ілінді. Салдарынан бюджет қаржысы негізсіз жұмсалған.
Данияр Бегайдаров, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:
Агенттік Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы вице-министрі және мердігер ұйым басшылығына қатысты ауыр қылмыс жасағаны бойынша тергеуді аяқтады. Олар қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды және 1 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп айыпталуда.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Білім сапасы жақсарса, ұлттық бәсеке қабілеті арта түседі»
09.09.2026, 00:42
90 жастағы қария темірден түйін түйеді
08.09.2026, 21:16
Жаңа оқу жылында 57 мектеп ашылды
08.09.2026, 20:15
Енді мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 20:14
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты
08.09.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
08.09.2026, 20:12
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Қазақстандықтар микронесие алуды азайтты
08.09.2026, 20:09