Ұшақ апаты: Фельдшер «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды
Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық станциясының фельдшері Тимур Қисаев Президент Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Ол Ақтау қаласы маңында апатқа ұшыраған ұшақтың зардап шеккен жолаушыларына алғашқы медициналық жәрдем көрсетті. Құлаған ұшақтың артқы бөлігінде болған адамдарды шығарып, жарақатына қарай реттеуге көмектескен. Сол жерге барған басқа әріптестері жедел жәрдем көлігі ішінде әр адамның өмірін сақтап қалуға қолдан келген көмегін көрсеткен.
Тимур Қисаев, облыстық Жедел жәрдем станциясының фельдшері:
Желтоқсанның 25 күні сағат күндізгі 11:00 шамасында аға диспечерден апатты жағдайда ұшақ қонуға ыңғайланып келеді деген хабар түсті. Біз бірден сол шағынаудан жаққа бет алдық. Көз алдымызда ұшақ құлап, өртенді. Өрттен аман қалған артқы бөлігіндегі адамдарды бірден құтқаруға кірістік. Медицина, полиция және құтқару қазметінің өкілдері бірден жұмылды.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17