Ұшақ апаты: Дәрігерлер ауруханаға түскен барлық науқастың өмірін сақтап қалды
Маңғыстау облыстық ауруханасындағы ұшақ апатынан зардап шеккен азаматтар түгел өз еліне қайтарылды. Дәрігерлер барлық науқастың өмірін сақтап қалды. Оқиға болған күні ауруханаға 29 адам әртүрлі дене жарақатымен жеткізілген еді. Оның ішінде жағдайы өте ауыр азаматтар мен кәмелетке толмаған балалар да болды. Тиісті медициналық көмек алып, жағдайы тұрақтанған адамдар біртіндеп елдеріне жіберіле бастады. Кеше жолға шыққан жансақтау бөліміндегі Әзербайжан елінің 3 азаматы да еліне аман-есен жеткізілді.
Жанар Байманова, Медициналық қызмет сапасын қадағалау бөлімінің басшысы:
Қазіргі таңда дәл бүгін ауруханамызда апат салдарынан ем қабылдап жатқан науқастар жоқ. Бәрін еліне аман-есен шығарып салдық. Маңғыстау облысының ауруханаларына кеп түскен 29 науқастың бәрін дін аман өз еліне аттандырдық. Әрине осындай жоғары деңгейде сапалы медициналық көмек көрсеткенімізге өте қуаныштымыз. Иығымыздан жүк түсті.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17