«Qazaqstan» телеарнасы Жаңа жылда көрерменге не ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazaqstan» телеарнасы Жаңа жылда көрерменге не ұсынады

30.12.2024

Ұлттық арна өз көрерменіне Жаңа жылға ерекше тарту жасамақ. Бұған дейін еш жерде көрсетілмеген мультфильмдер мен көркем фильмдерді назарларыңызға ұсынады. Оның ішінде «Disney»-дің ең таңдаулы өнімдері мен шетелдік және қазақстандық кинематографтардың үздік туындылары бар. Мәселен, жуырда ғана кинотеатрларда көрсетілген «Нурикамал» фильмінің телевизиялық премьерасын біздің арнадан көре аласыз. 

Кішкентай көрермен үшін жаңажылдық шашу. Мерекелік эфирдің шымылдығы «Walt Disney» туындысымен ашылады. 31 желтоқсан сағат 12:00-де «Энкантоның» телевизиялық тұсаукесері болады. Балалар сиқыршылардың отбасында дүниеге келген, алайда ешқандай ерекше қасиет дарымаған Мирабельдің бастан кешкен қызықтарына куә болады.

Биыл жаңа жылдың басты кейіпкерлері Аяз ата мен Кэвин ғана емес. Олардың қатарына «Еркебай» да қосылады. «Қазақстан» телерадиокорпорациясының тапсырысымен түсірілен фильмде үйден шығып көрмеген бай баласының шытырман оқиғасы суреттеледі. Ұрылардың құрығына түскен Еркебай қалай қашып шығады? Ертең 17:20-да көріңіз.

Қонақ үй бизнесімен айналысатын қазақстандық кәсіпкер Жомарт Түркияда кәсібін өрбітемін деп алаяқтардың арбауына түседі. Жомарт отбасылық бизнесін сақтап қала ала ма? Ертең 19:00-де тамашалаңыз.

«Жақсылықпен кел, Жаңа жыл!» Ұлттық арна мерекелік дәстүрлі мега-шоуын ұсынады. Жаңа жыл кешінде танымал жұлдыздар ән айтып қоймай, жанұяда болатын қызықтардан тұратын сюжет желілерін ұсанады.

Осы аптада мерекенің кезінде отбасылық демалыстан қалып қойған Кэвиннің шытырман оқиғасы да кино сүйер көрерменге жол тартады.

Гүлназ Кокишева, «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының бағдарлама директоры:

Үйде жалғыз қалғанда» 1,2,3 бөлімдері көрсетілмек. Ал, 4-5 бөлімдері келесі демалыс күндері яғни 11-12 қаңтарда көрсетілмек. 5 қаңтарға дейін күнде сағат 12:00-де кішкентай көрермендеріміз үшін «Disney»-дің  бұған дейін біздің аумақта көрсетілмеген «Мұз дәуірі» сияқты 3,4,5 бөлімдері қазақ тілінде көрсетіледі.

Патшалықты қорғамақ болған апалы-сіңлілі Анна мен Эльза шытырман оқиғаларымен бөліседі. Сонымен бірге Ұлттық арна «Кездейсоқ әке» фильмі мен «Iqanat Оff-Line» сериалын ұсынады.

Ұлттық арнада жаңа кинокартинаның тұсаукесері. 1 жарым ай бұрын ғана прокатқа шығып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген, режиссері Ернат Байұзақтың «Нурикамал» драмасы біздің арнадан 1 қаңтар күні 21:45-те тамашалаңыз. Сондай-ақ АҚШ киноматографтары таспалаған «Музейдегі түн» фильмінің 2 бөлімі көрсетеледі. «Qazaqstan» көрерменге ұсынары мұнымен бітпейді, арнадан ауыспаңыз. Жаңа жылды жарқын эмоция, көтеріңкі көңіл күйдің толқынында Ұлттық арнада қарсы алыңыз.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу