Елімізде қолданбалы ғылымды қаржыландыру көлемі өсті
Елде қолданбалы ғылымды мемлекеттік қаржыландыру 476,9 млрд теңгеге дейін өсті. Бұл туралы Үкіметтің ресми сайтында жарияланды. Бүгінде ғылыми қызметкерлер саны 25,4 мың адамға жеткен. Бұл өткен жылға қарағанда 13%-ға көп. Жастарды ғылымға тартып, ынталандыру мақсатында және ғалымдардың елде қалулары үшін бірқатар жұмыс атқарылып жатыр. Мәселен, жас ғалымдарға арналған жеңілдетілген ипотекалық несие беру бағдарламасы іске асырылды. Өткен 8 айда 290 пәтер берілді. Оның 20 пәтер кілті өтеусіз негізде табысталды. Бұдан бөлек биыл 809 ғалымға әлемнің жетекші орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуге гранттар ұсынылды. Докторантураға да мемлекеттік тапсырыс 1,9 мың орынға дейін ұлғайды.
Аида Ахметбек
Автор
Аида Ахметбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21