Келесі жылы үш бірдей ферроқорытпа зауыты іске қосылады
Ферро қорытудан әлемде алтыншы орында тұрған Қазақстан келер жылы бірден екінші орынға көтерілуі мүмкін. Себебі Екібастұз аумағында салынып жатқан үш бірдей зауыт іске қосылады. Олардың екеуі биыл пайдалануға берілуі керек еді. Алайда дәл іргеде тұрған электр қуатын өндіруші станциялар мен коммуникациялық тариф мәселесі нақтыланбағандықтан, кейінге шегерілді. Дәл қазір ол зауыттар 97-98 пайызға дайын. Үш кәсіпорынның бірі жылына 150 мың тонна, екіншісі 120 мың тонна, ал үшіншісі 100 мың тонна ферро қорытуға қауқарлы. Қазақстан қазір дүниежүзінде ферроқорытудан алтыншы орында болса, Екібастұздағы зауыттар іске қосылғаннан екінші орынға шығады. Бірінші орын Қытай еншісінде.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16