Көктайғақ: Қызылордада 14 жол-көлік апаты тіркелді
Қызылорда облысында кеше кешкісін қар аралас жаңбыр жауып, арты көктайғаққа ұласты. Салдарынан түнде 14 жол-көлік оқиғасы тіркелді.
Мәселен, қаладағы аспалы көпірдің үстінде бір мезетте 10-ға жуық көлік жылтыраған жолда соқтығысып қалды. Ең бастысы - жарақат алған адамдар жоқ. Сондай-ақ ауа райының қолайсыздығына байланысты кеше кешкісін республикалық маңызы бар автожолдар жабылып, полицияның көмегімен 1200 жолаушы жол бойындағы сервистік орталықтарға жеткізілді. Күре жолға түнімен құм аралас тұз себу жұмыстары жүріп, таңғы 5-те көлік қозғалысына рұқсат берілді.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12