Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері 8 адамды құтқарды
Ақтауда ұшақ құлаған кезде алғашқылардың бірі болып көмекке жеткен апаттар медицинасы орталығының дәрігері Оспан Оразбеков. Ол әріптестерімен бірге оқиға орнына келгенде, ұшақтың артқы бөлігі төңкеріліп жатқан. Олар ішінде қысылып жатқан жолаушыларды жедел қауіпсіз жерге шығарып, 8 адамды құтқарып қалды.
Оспан Оразбеков, ҚР апаттар медицинасы орталығы Маңғыстау облыстық филиалының дәрігері:
Барған кезде көрдік, халықтың да көмегі тиіп жатты. Себебі бізден бірінші ұшақ құлаған мекемеге қасындағы зауыт қызметкерлері, қарапайым халық барып жатқан кез екен. Ұшақ теріс айналған, адамдардың басы төмен салбырап, қауіпсіздік белбеуіне ілініп тұр екен. Екі науқасты босаттық та, сыртқа шығардық. Бортта орындыққа қысылып жатқан әйел кісі болды. Оны шығарып, жол ашылған соң ішке кірдім. Ішке кірсем, онда да орындықтарға қысылған науқастар болды.
Апаттан аман қалған қырғыз азаматы сұхбат берді
Апат орнына жеткен құтқарушылар зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсетіп, 29 адам аман қалды. Солардың бірі – Қырғызстан азаматы Ерлан Джунушалиев. Апаттан аман қалған жолаушы қазақ жеріне қонғандағы қуанышын жасыра алмады.
Ерлан Джунушалиев, Қырғыз Республикасының азаматы:
Адамдар тұр екен, кімсіңдер деп сұрағанда қазақпыз деді. Жылап жібердік. Біз басқа мемлекетке құладық деп ойладық. Қазақ - біртуғандарға разымыз, алғашқы боп көмекке келді.
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
