Ұшақ апаты: Оқиға орнында болған Әзербайжан тілшісі дәрігерлер жұмысын жоғары бағалады
Ұшақ апаты болған Ақтауда шетелдік журналистер де жұмыс істеді. Солардың бірі – Әзербайжан телеарнасының Қазақстандағы меншікті тілшісі Ровшан Ілиясов. Ол бірнеше күн Ақатудан хабар таратты. Осы аралықта оқиға орнында болып, ауруханадағы науқастардан сұхбат жазды. Журналист құтқарушыларға, оқыс жағдайды ести сала, қан тапсыруға жүгірген халыққа, сондай-ақ жедел, әрі шынайы ақпарат таратқан қазақстандық әріптестеріне рахмет айтты.
Ровшан Ілиясов, «AZTV» телеарнасының тілшісі:
Қазақстандық құтқарушыларға, медицина қызметкерлеріне үлкен алғыс айтамын. Ауруханада зардап шеккендерді дәрігерлердің қалай күтіп-баптап, емдеп жатқанын көріп риза болдым. Көп адам зардап шекті, қанның әр түрлі тобы қажет деп, тұрғындар бөгелместен қан тапсыруға ағылды. Адамгершілік деген осы ғой. Ал оқиға болған кезде шынайы ақпарат таратуға маған қазақстандағы әріптестерім көп көмектесті.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12