Тұрсынбек Кәкішевтың дүниеге келгеніне 90 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұрсынбек Кәкішевтың дүниеге келгеніне 90 жыл

15.08.2017

Бүгін профессор, филология ғылымдарының докторы Тұрсынбек Кәкішевтың дүниеге келгеніне 90 жыл. Осыған орай, ұлттық кітапханада «Ғалым. Ұстаз. Қайраткер» атты дөңгелек үстел өтті. Кездесу барысында ғалымның әдеби және мәдени мұрасы жайында ой қозғалды. Тұрсынбек Кәкішев «Дәуір суреттері», «Сын сапары» сынды шығармалардың авторы, сондай-ақ, ақын Сәкен Сейфуллинді зерттеуде зор еңбек сіңірген. Жиынға ғалымның туған өлкесі Көкшетау өңірінен арнайы келген делегация да қатысты.

Хабарламаларға жазылу