Тұрсынбек Өмірзақов: Қазақ еліне ДСҰ арқылы әлем нарығы ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұрсынбек Өмірзақов: Қазақ еліне ДСҰ арқылы әлем нарығы ашылады

26.06.2015
Тұрсынбек Өмірзақов: Қазақ еліне ДСҰ арқылы әлем нарығы ашылады

Қазақстан жуырда ғана Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі келіссөздерді аяқтады.  Осы қадамның маңыздылығы туралы ойымен бөліскен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Тұрсынбек Өмірзақов таңғы бағдарламада қонақта болды.

«Бұл – өте маңызды шарт. Бүгінгі күнге жету үшін біз жиырма жылдай жүріп келдік. Дүниежүзілік сауда ұйымы арқылы әлемнің 98 пайыз тауары айналымға түседі. Енді біздің елдің 90 пайыз тауары әлем елдеріне тарайды. Бұл – үлкен жетістік. Себебі, елімізге ДСҰ арқылы әлем нарығы ашылады»,-дейді Тұрсынбек Өмірзақов.

«Дүниежүзілік сауда ұйымы әлем елдеріне бір ереже жасайды. Яғни, барлық тауар бір қалыпта сатылуы керек. ДСҰ-ға кіруіміз  кәсіпкерлеріміздің жағдайын көтереді. Себебі, бәсекелестік жоғары болады».

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу