Бүгін Ақтауға қара жәшікті оқу үшін сарапшылар келеді
Ұшақ апатына қатысты құрылған Үкіметтік комиссияның мәліметінше, бүгін Ақтауға қара жәшіктерді оқу үшін, сарапшылар келеді. Ұшақ құлаған жердің айналасында 4 мың шаршы метр аумақ қоршауға алынған. Меншікті тілшіміз Аягөз Оралбайқызы қазір оқиға орнынан тікелей байланысқа қосылды.
Аягөз Оралбайқызы, тілші:
Мынау ұшақ құлаған аумақ, айналасы қоршалған. Әскери қызметкерлер қоршап тұр. Белгіленген жерден әрі қарай ешкімді де өткізбейді. Ұшақтың бөлшектері қалай түсті жерге сол күйі жатыр, тергеу талаптары бойынша осылай болу керек, дейді мамандар. Қазір мұнда құзырлы орган өкілдерінен құралған тергеу комиссиясы жұмыс істеуде. Осы жерден табылған қара жәшіктерді оқу үшін бүгін Ақтауға сарапшылар келеді деп күтілуде. Бұл туралы Үкіметтік комиссияның төрағасы Қанат Бозымбаев мәлімдеді. Айта кететін жәйт, апатқа ұшыраған ұшақ осыдан 4-5 шақырым жердегі Ақтау әуежайына қонуға екі рет әрекет жасаған. Ал Ақтау әуежайының қызметкерлері, диспетчерлер - бәрі жедел үйлесімді қимылдап, ұшақты қабылдауға дайын болған. Алайда ұшақтың әуедегі қимылы өзгеріп, осы жерге құлаған, дейді Көлік министрі. Қазір Ақтау қаласындағы облыстық ауруханада 6 науқас ем қабылдауда. Оның 3-еуі Қырғызстан, қалғаны Әзербайжан азаматтары. Олардың 4-уі жансақтау бөлімінде жатыр. Бір науқастың жағдайы ауыр. Қалған 23 адам жағдайлары қалыпты болған соң еліне оралды.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22
Қостанайда жастар өзен жағасын жинап жарысты
23.07.2026, 20:22