Бүгін атақты әнші, КСРО халық әртісі Ермек Серкебаевты еске алу кеші өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін атақты әнші, КСРО халық әртісі Ермек Серкебаевты еске алу кеші өтеді

11.08.2017

Бұл туралы шараға мұрындық болып отырған еліміздің Мәдениет және спорт министрлігінің ресми өкілі хабарлады. Гала-концертке әлемдік опера жұлдыздары қатыспақ. Әсіресе, жаһанның үздік бас дауыс иесі, Грэмми сыйлығының екі дүркін иегері Ильдар Абдразаковты ерекше атауға болады. Үлкен сахна иелерінің сапында «Астана Опера» театрының үздіктері де бар. Зор дауыс иелері кеште әлемдік опера классикасы жауһарларынан арияларды шырқайды.  Айта кетейік, Ермек Серкебаев бар өмірін әнге арнап, елімізде классикалық операның негізін қаласты. Қазақ әнін, ұлт өнерін ұлықтап,  барқыт  баритон дауысымен миллиондардың жүрегінен орын тапты. 

 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу