Абай облысында бір жылда 1 млн шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді
Абай облысында бір жылда 1 миллион шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді. Облыста әлеуметтік нысандар көптеп салынып жатыр. Шалғай ауылдарда медициналық пункттер, бұқаралық спортты дамытуға қажетті спорт кешендер де бой көтерді.
Жаңадан құрылған Мақаншы ауданында биыл әкімшілік ғимараттар қалпына келтіріліп, бірнеше әлеуметтік салынып жатыр. Аудан орталығында кезінде бос қалған ғимараттарды мемлекет есебіне қайтару да қолға алынды. Мамандар келер жылдан бастап аудан орталығы жаңа кейіпке енеді-дейді.
Серікбол Есетов, Аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы:
Биыл 2024 жылы Мақаншыда 14 нысан құрылысы жүргізіліп, пайдалануға беріледі. Оның үстінде көп балалылар мен аз қамтылғандар 50 пәтер бөлініп, жылдың соңына дейін пайдалануға береміз.
Ал Үржар ауданында бұқаралық спортты дамыту мақсатында салынып жатқан нысандар көп. Тек мемлекет есебінен ғана емес ауыл тұрғындары «Туған жерге тағзым» акциясы аясында да үлес қосуда. Мәселе, Жанай ауылының азаматтары медициналық пункт, саябақ салып алған. Ауылдың ішкі жолдарын ретке келтіріп, аялдамалар орнатқан. Қазір 150 миллион теңгеге күрес залының құрылысын бастапты.
Ерлан Мұхамадиев, Жанай ауылының тұрғыны:
Бұған дейін де істедік. Қатымхана, парк салдық. Футбол алаңын салдық. Көп жұмыстар атқарылды. Ауылдың азаматтарына рахмет.
Әсет Баймұрзаев, Үржар аудан әкімінің орынбасары:
Соңғы жылдар Үржар ауданында спорт нысандары қарқынды салынып жатыр. Биылғы жылдың өзінде Үржар ауданының 5 елді мекенінде салынуда. Жанай ауылында Омаров Серікбол деген жас буын кәсіпкердің бастауымен, ауыл жастарының қолдауымен үлкен спорт модулі салынып жатыр. 2025 жылдың мамыр айына дейін пайдануға беру жоспарланып отыр.
«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеберінде облыста 64 медициналық алғашқы көмек нысаны бой көтеруде. Жақында дені іске қосылады. Келер жылы тағы 14-нің құрылысы басталмақ.
Шыңғыс Риаханов, Облыстық құрылыс басқармасының басшысы:
Жоспарланып жатқан ірі медициналық нысандардың қатарында 300 орындық көпбейінді аурухана, 200 орындық балалар ауруханасы бар. 300 орындық екі емхана және қан орталықтары сияқты ірі объектілер бар. Олардың жобалау жұмыстары қазір жүргізіліп жатыр.
Баспана кезегінде тұрғандардың да мәселесі өңірде жеделдетін шешімін тауып келеді. Тек биылдың өзінде облыста 8650 отбасы қоныс тойын тойлады. 360 000 шаршы метр тұрғын үй салынып жатыр.
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
