Су тасқыны кезінде 120 мыңнан аса адам құтқарылды
Биылғы жылдағы ең ірі оқиғаларды шолып, қорытынды жасауды жалғастырамыз. Биыл бірнеше аймақты әбігерге салып, тұтас елді алаңдатқан табиғи апат болды. Ол – су тасқыны.
Жалпы тасқын уақытында 120 мыңнан астам азамат құтқарылып, оларға барлық қажетті көмек көрсетілді. Барлығы 35 млн текше метрден аса су сорылды. Мың шақырымға жуық уақытша қорғаныс бөгеттері тұрғызылды. 7 мыңнан аса арықтар мен каналдар тазартылды. Барлығы 8 млн аса құмға толы қапшық төселді. Бұл іске 63 мыңнан аса адам жұмылдырылған. Бұдан бөлек шамамен 7 мың техника, мыңнан аса су айдау құрылғысы және 418 жүзу құралы мен 38 әуе кемесі тасқын уақытында қолданылған болатын. Осы ретте, құтқарушылардың еңбегі мен ерлігі елге демеу болғанын айта кету керек.
Азамат Жәрдемов, жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы:
Батыс Қазақстан облысы аумағында су тасқыны жағдайлары болды. 128 адам шығарылды. Оның ішінде 24-і жасөспірім балалар болды. Иә, қиын болды. Резеңке қайықтар жарылып, ойдағыдай болды енді бәрінің алдын алып, бәріне үлгерді.
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
