Қайтарылған активтер есебінен Петропавлда балабақша салынады
Қайтарылған активтер есебінен Петропавлда балабақша салу үшін 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Үкімет баспасөзінің хабарлауынша, Арнаулы мемлекеттік қордың қаржыландыруымен 280 орындық балабақша бой көтермек. Нысан кейінгі кезде тұрғындар саны көбейіп келе жатқан «Жас өркен» шағын ауданында орналасады. Қазір онда бала саны 100 пайызға толы, мектепке дейінгі 3 мекеме жұмыс істейді. Жалпы, Петропавлда мектепке дейінгі ұйымдарға кезекте тұрған бала саны 3 мыңға жуықтаған.
Айнагүл Сұрағанова, СҚО Білім басқармасының басшысы:
Қазіргі таңда осы шағын ауданда 280 орындық балабақшаның құрылысы басталды. «Жас өркен» шағын ауданында халық саны жылдан-жылға артып келеді. Себебі жас отбасылар қоныстанып, ауыл тұрғындары қалаға көшіп жатыр. Сондықтан да дәл осы шағын ауданда мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз ету мекемесін салу туралы шешім шығарылды.
Қаракөз Тұрмағанбет
Автор
Қаракөз Тұрмағанбет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21