Ақтауда болған ұшақ апатынан 28 адам аман қалды
Ақтауда болған ұшақ апатынан 28 адам аман қалған. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, олардың екеуі - бала. Ал Көлік министрлігінің мәліметі бойынша, бортта 6 қазақстандық, 37 Әзербайжан, 16 Ресей және 3 Қырғызстан азаматы болған.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар, дәрігерлер тобы әлі жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету үшін Астанадан дәрігерлер жіберілді. Оқиға орнында қазір 23 медициналық бригада жұмыс істеп жатыр. Мұны Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты.
Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
Қазір біз мамандар - травматолог, нейрохирург және тағы басқа дәрігерлерді жіберу үшін санитарлық авиацияның рейсін дайындадық. Мамандар оқиға орнына жедел жетіп, көмек көрсетуге дайын.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12