Ұшақ апаты: Құтқарылған жолаушылардың арасында екі бала бар
Оқиға орнында 20-дан астам құтқару бригадасы жұмыс істеп жатыр. Аман қалған жолаушылар дереу облыстық ауруханаға жеткізілуде. Құтқарылған жолаушылардың арасында екі бала бар. Олардың да жағдайы ауыр дейді. Апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Аягөз Оралбайқызы, тілші:
Біз қазір ұшақ құлаған жердеміз. Бұл - Ақтаудан 25 шақырым жердегі Ксой компаниясының аумағы. Ал әуежайдан 4-5 шақырым жер. Ұшақ Ақтау әуежайына қона алмай, осында құлаған. Қазір ұшақ өрті толықтай өшірілді. Зардап шеккендерді құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Біздің құтқарушылар 26 адамды қауіпсіз жерге шығарып үлгерді. Олардың бәрі ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер 7 адамның хәлі өте ауыр екенін айтуда.
Ерлан Сұлтанмұратов, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы:
Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға орнында 22 жедел жәрдем бригадасы мен 6 апаттар медициналық орталығының мамандары жұмыс істеуде. Сондай-ақ басқармадағылар ұшақта баллон жарылғанын жеткізді. Зардап шеккендердің арасында екі бала бар. Дәл қазір 16 жастағы жасөспірімді жедел-жәрдем алып кетті. Әзірбайжанның біздің елдегі бас консулы, облыс басшысы да осы жерде. Ол зардап шеккендерге барлық жағдай жасалатынын, ауруханаларда орындар әзірленгенін жеткізді.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22
Қостанайда жастар өзен жағасын жинап жарысты
23.07.2026, 20:22