86 мың шақырым коммуналдық желі жөнделеді
Елімізде тоз-тозы шыққан коммуналдық желілер жөнделеді. 86 мың шақырымы қайта жаңғыртылмақ. Бұл жөнінде бүгін Үкіметте Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен кеңесте мәлім болды. Күн тәртібіне «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы шығарылды. Электр, су, жылу жабдықтары жөнделеді. 2029 жылға дейін бұл мақсаттарға 6,8 трлн теңге бағытталады. Қаржы жұмсалуының ашықтығын қамтамасыз ету үшін цифрлық теңге пайдаланылмақ. Ұлттық жобада импортқа тәуелділікті төмендету және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін отандық өнеркәсіпті қолдауға ерекше назар аударылды. Кеңес қорытындысы бойынша Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба тәсілдері мақұлданды.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан Адам дамуы деңгейі бойынша әлемдегі үздіктер қатарына енді
24.07.2026, 12:28
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22