Иранда әйелдер мінген ұшақ рейсі қатынады
Иранда бұрын-соңды болмаған әуе рейсі жасалды. Мешхед қаласына қонған лайнер бортында тек әйелдер болған. Бір реттік ұшақ рейсінде пилот та, экипаж да, сондай-ақ 110 жолаушының барлығы - нәзік жандылар. Мұндай сапар Ұлттық аналар күніне орайластырылған. Осы арқылы Иран әйелдерінің күш-қуаты мен жетістіктерін паш ету көзделген. Президент Масуд Пезешкиан болса, елде гендерлік теңдік, әділдік пен әйелдердің құқықтары мен ішкі және сыртқы саясатта мүмкіндіктерін кеңейтуге мүдделі екенін мәлімдеді. Бұған қоса, мемлекет басшысы адам құқықтарының бұзылуы диалог арқылы немесе құқықтық жолмен шешілуі тиіс екенін айтты. Бұған дейін Пезешкиан әдет полициясына әйелдерді орамал тақпағаны үшін мазаламауды, аңдымауды тапсырған еді.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің рухына тағзым етті
09.05.2026, 12:30
Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды
09.05.2026, 12:06
Мемлекеттік кеңесші Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
09.05.2026, 12:00
Олжас Бектенов, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қошанов соғыс жылдарында құрбан болғандарды еске алды
09.05.2026, 11:35
«Жақанов әлемі: фотошежіре» фотокөрмесі ашылды
09.05.2026, 11:30
Ауылда жауынгерлік Даңқ музейі ашылды
08.05.2026, 20:29
Ардагерлерге жыл бойы әлеуметтік көмек көрсетіледі
08.05.2026, 20:28
Өзен жағалауын тазартып жүрген азамат ел алғысына бөленді
08.05.2026, 20:26