Ресейдің Ханты-Мансийск қаласында орналасқан Югор мемлекеттік университеті мен Қазақстанның жоғары оқу орындары әріптестікті кеңейтпек. Мәселен, университеттегі ғалымдар отандық мамандармен Ертіс өзені, жалпы трансшекаралық сулар мәселесін бірлесе зерттеуді қолға ала бастады.
Халықты және экономика салаларын сумен қамту, ластанудың алдын алу, трансшекаралық өзендер суының таусылуы және тағы басқа мәселелер бүгінгі күні өзекті. Сондықтан, трансшекаралық сулардың проблемасы Ертіс бассейіне кіретін барлық елдер үшін өте маңызды, дейді мамандар.
Татьяна Антюфеева, Югор мемлекеттік университетінің доценті:
«Ханты-Мансийск қаласы да Ертіс өзенінің бойында орналасқандықтан, біздің жоғары оқу орнына да Ертіс бассейнін зерттеуге ден қойған. Қазақстанмен әріптестігіміз жоғары. Әсіресе Еуразиялық ұлттық университетімен ынтымақ көкжиегі кең. Бағдарлама аясында Ертіс бассейні туралы Су ресурстарын интеграцияланған басқаруға арналған тұтас модуль бар.
Бүгінгі таңда ғылыми білім беру кеңістігінде де ортақ жобалардың саны артып жатыр. Тіпті оқу орнындағы шетелдік студенттердің 80 пайызы Қазақстаннан.
Оксана Гололобова, Югор мемлекеттік университетінің халықаралық ынтымақтастық орталығының директоры:
Қазақстан біздің басты серіктестеріміздің бірі. Шетелдік студенттердің 80 пайызы сіздердің елден келген. Әсіресе солтүтісік Қазақстан, Астанадан келген студенттер көп. Университтердің арасында 10 нан астам әріптесіміз бар. Экология, су игеру бойынша ортақ жобалар бар.
Мамандар алдағы уақытта қос диплом бағдарламасы жүзеге асса, жас ғалымдардың саны тағы көбейетінін айтуда.
Индира Бегайдар