Ақтөбедегі «Жүректен жүрекке» еріктілер ұйымының құрылғанына он жыл толды
Ақтөбедегі «Жүректен жүрекке» еріктілер ұйымының құрылғанына он жыл толды. Игі іспен айналысатын жастар осы уақыт аралығында жүздеген әлеуметтік жобаны іске асырып үлгерген. Тек Ақтөбе өңіріндегі емес, еліміздің өзге де аймақтарындағы мұқтаж жандарға көмек қолын созды.
60 миллион теңгеден астам қаржы ел игілігіне жұмсалды. Еріктілер пандемия кезінде де, көктемгі су тасқынында да күні-түні алғы шепте жүрді. Қаланың тазалығына да атсалысты. Жалғызбасты анаға баспана салып берді. Он жылдық мерейтойға орай ұйымдастырылған қайырымдылық концертінде ұйымның белсенді мүшелері ел алғысына бөленді.
Әлішер Садық, «Жүректен жүрекке» еріктілер тобының жетекшісі:
Басқа өңірлерге дәлелдеу мақсатында, жақсылықпен жарысу мақсатында осындай жобаны бастаған болатынбыз. Оның аясында да «Ерекше күн», «Бір күнде 500 баланың шашын алу», «Жұлдызды жәрмеңке» деген секілді, тек волонтерлар арасында емес, мединный лицо дейміз ғой, сондай адамдар арасында, қала халқын да қайырымдылыққа тарту мақсатында жұмыстар жүріп жатыр.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17
Соңғы 7 жылда 36 мың шақырымнан аса жол салынған
21.10.2026, 20:16
Кеншілер әулетіндегі жас маман атакәсіпті жалғастырды
21.10.2026, 20:15
Жолаушылар пойызы интернетпен қамтылды
21.10.2026, 20:13