Басты Жаңалықтар Маңғыстау облысында биыл 1 триллион теңгенің өнімі өндірілді

Маңғыстау облысында биыл 1 триллион теңгенің өнімі өндірілді

Маңғыстауда мемлекеттік қолдаулардың арқасында кәсібін дөңгелетіп, жұмыс орындарын ашқан кәсіпкерлер артып келеді. Олар 147 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Бұл, өңірде тұрақты табыс тауып отырған тұрғындардың 42 пайызын құрайды. Осы кәсіпкерлерлік нысандар биыл 1 триллион теңгенің өнімін өндірген.

Жаңаөзен қаласының тұрғыны Нұрбол Жантілиевтің тұрақты жұмысқа орналасқанына 1 жылдан асты. «Тестком» мекемесінде слесарь жөндеуші болып істейді. Тұрақты жалақы мен әлеуметтік қолдауға ие. Жұмыссыздар кезегіндегі 80 ге жуық адаммен қызметін бастаған кәсіпорында бүгінде 132 жұмысшы еңбек етеді. Зауыт мұнай өндірісіне арналған тербелмелі қондырғылар өндіреді.

Нұрбол Жантілиев, Слесарь:

Осы жерді өзіміздің условиясызды жасап, киімімізді алып беріп, тамағымызды беріп осы жерде. Осы мына качалкі жөнінде осы жерге келіп көп затты үйреніп жатырмыз. Осы жерде өзімізді оқытты. Осы мекеменің ашылуына өте қуаныштымыз. Теңертең жеткізуі, кешке апарып тастауы барлық мүмкіндік қарастырылған.

Ал Ақтауда биыл іске қосылған химиялық өнімдер өндіретін кәсіпорында 20 адам жұмыс істейді. Солардың бірі - Қайрат Дүйсенбаев. Ол заманауи өндіріс ошағының энергетик маманы.

Қайрат Дүйсенбаев, Энергетик:

Тұрақты жұмыс, жалақымыз уақытында. Тапсырыс көп, кейде үлгермейміз. Ночқа қаламыз. Ночқа қалғанда предоплада, овертайм бәрі төленеді. Осындай ірі кәсіпті жұмыс ашылғанына, тұрақты жұмыстың болғаныныа біз өте қуаныштымыз.

Кәсіпорын металл өңдеуге және суды тазартуға арналған химиялық қоспалар шығарады. Өнімді еліміздің бірнеше өңіріне тасымалдап, шет елге экспорттайды.

Аягөз Оралбайқызы, Тілші:

Маңғыстауда өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында жыл басынан бері барлығы 35 мың адам жұмысқа орналасты. Оның 24 мыңнан астамы тұрақты, 10 мыңдайы уақытша жұмыстар. Оған қоса, облыста жергілікті тұрғындарға арналған жұмыспен қамту бағдарламасы бар. Оның аясында 834 адам тұрақты жұмысқа орналасып, нәпақасын тауып отыр.

Аймақта жыл басынан бері мемлекеттің қолдауының арқасында құрылған шағын және орта бизнес субьектілері артқан. Қазір олардың саны - 77 мыңнан асады. Мұнайлы ауданының тұрғыны Нұрқия Бекниязова бірнеше жылыжай ашып, 4 адамды жұмыспен қамтыды. Кәсіпкер жуырда 5 млн теңге грант ұтқан.

Нұрқия Бекниязова, ауыл тұрғыны:

Бұйырса, осы 5 теплицаға котель аламыз. Сосын гидропоника мен микрозеленьге оборудование аламыз. Тағы да 4 адам алғымыз келіп отыр. Котель қойғанымыз өніміміз де, үкіметке төлейтін салығымыз да көбейеді.

Кәсіпкерлер жыл басынан бері жалпы құны - 1 триллион теңгеден асатын өнім өндірген. Оның ішінде ет, сүт және бақша өнімдері, қолөнер бұйымдары мен қызмет көрсету саласы бар.

Облыс кәсіпкерлері биыл 147 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтыды.

Аягөз Оралбайқызы


Бөлісу