Жаңа жыл мерекесі қарсаңында еліміз бойынша қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Нәтижесінде сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдарды сатумен айналысқан немесе оларды дұрыс сақтамаған жағдайлар бойынша 172 заңбұзушылық анықталды. Сондай-ақ Ішкі істер министрлігі рұқсат етілмеген жерлерде отшашуды қолдануға болмайтыны туралы ескертті.
Асылбек Ыдырысов - ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы:
436-баптың санкциясымен 20 АЕК көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Ол бүгінгі күні 73 мыңнан астам теңге көлемінде. Заңбұзушылық куәсі болған кезде азаматтық белсенділік танытып, 102-ге хабарласып, мүмкіндік боғлан кезде дәлел ретінде құқықбұзушылық фактілерін фото және бейнеге түсіріп, 102-ге жолдауларыңызды сұраймыз.
Қаракөз Тұрмағанбет