Берілуі тиіс субсидияны ала алмай жүрген диқандар да, мал асырап отырғандар да көп. Бұл мемлекет қолдауынсыз бір қадам да жасай алмайтын шаруа адамы үшін өте қиын жағдай.
Сонымен мемлекет фермерлерге 359,1 млрд теңге қарыз, оның 195 млрд-қа жуығы күту парағында тұр. Демек бұл өтінімдер тексеріліп, ауыл шаруашылығы басқармалары бекіткен.
Ал Қаржы министрі М.Тәкиев 195 млрд теңгені жыл соңына дейін төлей алмаймыз, біртіндеп бөлуге тырысамыз деп отыр. Жылдар бойы осындай жағдай. Уақытында төленбейді. Мол өнім де берекелі жыл дегенді білдіре қоймайды. Биыл рекордты астық жиналды деген мақтанып айтуға ғана жарады. Мысалы, сататын нарықтың бірі - Өзбекстанда егін бітік шыққан...
Ауыл шаруашылығы жақсы дамыса негізгі азық-түлікпен өзімізді өзіміз қамтудан бөлек, экспорттау арқылы пайдаға кенелетінімізді білеміз. Бірақ біз білмейтін нәрсе жоқ. Тек В.Маяковскийдің «Жиналыстан шықпайтындар» Прозаседавшиеся» деген өлеңіндегідей «...беліне дейін осы жерде, белден жоғары ана жақта».
Елдос Есенбол талдайды.