«Qazsport» телеарнасы «Алтын тұғыр» жүлдесін жеңіп алды
«Алтын тұғыр-2024» ұлттық сыйлығы иегерлерінің есімі белгілі болды. Биыл 11 жыл қатарынан ұйымдастырылған шарада ұлттық құндылықтарды ұлықтап жүрген спорт саласының саңылақтары 11 аталым бойынша таңдалды. Үздіктер қаратында «Қазақстан» телерадиокорпорациясына» қарасты «Qazsport» телеарнасы да бар.
2013 жылдан бері ақпарат таратып жүрген Қазақстандағы тұңғыш спорттық телеарна ұлттық спорт түрлерін дамытуға қолдау көрсетіп, насихаттауға қосқан үлесі үшін «Ақпараттық әріптес» номинациясымен марапатталды. Ұлттық сыйлық 30-ға жуық адамға бұйырды. Арасында ұлттық спорт түрлерінің жаттықтырушылары да бар.
Нағи Бақытбек, «Qazsport» телеарнасының директоры:
Жалпы «Qazsport» телеарнасының ең негізгі мақсаты – бұл өзіміздің спортты насихаттау. Оның ішінде Ұлттық спортқа қатысты да атқарып жатқан жұмысымыз көп. Және де биыл елімізде өткен Көшпенділер ойындары жоғары деңгейді өтті және сол ойындардың тарихында тұңғыш рет барлық спорт түрлерінен барлық локациядағы жарыстар тікелей эфирде көрсетілді.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
90 жастағы қария темірден түйін түйеді
08.09.2026, 21:16
Жаңа оқу жылында 57 мектеп ашылды
08.09.2026, 20:15
Енді мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 20:14
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты
08.09.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
08.09.2026, 20:12
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Қазақстандықтар микронесие алуды азайтты
08.09.2026, 20:09
Жеңілдетілген ипотекаға сұраныс жоғары
08.09.2026, 20:06