Президент Әлия Юсупованы қабылдады
Мемлекет басшысы Қазақстан гимнастика федерациясының президентін қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев, Әлия Юсупованы осы лауазымға қайта сайлануымен құттықтады. Кездесуде еліміздегі көркем гимнастиканы дамыту мәселесі талқыланды. Әлия Юсупова спорт саласындағы кейбір өзекті проблемаларға қатысты бірқатар ұсынысын жеткізді. Федерация басшысының айтуынша, балаларды гимнастикаға ерте жастан баулу үшін кешенді жұмыс атқарылуы керек. Мемлекет басшысы сала инфрақұрылымын дамыту және жаттықтырушыларды даярлау ісінде Туризм және спорт министрлігімен тығыз қарым-қатынас орнату қажет екенін айтты.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22
Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары
25.09.2026, 20:18
Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы
25.09.2026, 20:16