Жыл қорытындысы: Биыл жылу-электр энергетикасын дамытуға 58,3 млрд теңге бөлінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл қорытындысы: Биыл жылу-электр энергетикасын дамытуға 58,3 млрд теңге бөлінді

19.12.2024

Биыл жылу-электр энергетикасын дамыту бойынша 14 жобаны жүзеге асыруға 58,3 миллиард теңге бөлінді. Оның ішінде жылумен қамтамасыз ету бойынша алты, электрмен жабдықтау бойынша сегіз жоба бар. Жобалардың бірі - қазірдің өзінде жұмыс істеп тұрған Оралдағы «Ақжайық» қосалқы стансасы.

Сонымен қатар, қайтарымды инвестициялардың жылдық лимиті 32 миллиард теңгеден 428 миллиард теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл энергия өндіруші ұйымдар үшін негізгі жабдықты жаңғырту, кеңейту және реконструкциялау жөніндегі жобалар пулын кеңейтуге мүмкіндік берді.

Қазір жалпы қуаты 2,8 гигаватт болатын 22 инвестициялық келісім бар. Оның негізінде Оңтүстік пен Батыс өңірлерінде электр жеткізу желілері салынбақ.

Ал 2029 жылға қарай жылу энергетикасына тартылған инвестиция көлемі 8 триллион теңгеден асады. Былтыр елде жалпы қуаты шамамен 9 гигаватт жаңа генерация салу жоспары анықталды. Қазіргі уақытта бұл жобалар іске асырудың әртүрлі кезеңінде. Сондай-ақ аукциондық сауда-саттық шеңберінде маневрлік генерацияны іріктеу бойынша 2,5 гигаватт жаңа қуаттарды іске қосу жоспарланып отыр. Ол еліміздің 7 аймағын қамтиды. Жобаның аяқталу мерізімі кей өңірде 2026 жылға жоспарланаса, тағы 3 облыста 2028 жылы бітіру көзделген.

Асылбек Данияр



Хабарламаларға жазылу