Аягөзде 10 мыңға жуық абонент жарықсыз қалды
Абай облысы, Аягөз қаласында қосалқы станцияда өрт шығып 10 мыңға жуық абонент жарықсыз қалған. Кеше кешке болған апаттан Аягөз қаласымен қоса 5 ауыл, сондай-ақ Үржар, Мақаншы аудандарында түгелдей жарық өшкен. Мамандар екі сағатқа жуық уақытта өртті сөндіргеннен кейін Үржар мен Мақаншыда, сондай-ақ Аягөз ауданының елді мекендерінде жарық қалына келтірілген. Алайда қаланың тең жартысы мен іргелес Мамырсу ауылында әлі электр энергиясы жоқ.
Мамандар ең бастысы шаһарды жылумен қамтитын 6 қазандық қатып қалмас үшін, оларды қосалқы трансформаторларға қосқан. Арнайы штаб құрылып апаттың салдарын жою әлі жалғасып жатыр.
Димитрий Гариков облыс әкімінің орынбасары:
Қазір Аягөз қаласы бойынша 9900 абонент жарықсыз отыр. 9 мыңнан астамы тұрғындар, 400 ге жуық заңды тұлғалардың нысандары бар. Қазір қалыпқа келтіру жұмыстарымен 40 маман шұғылданып жатыр. Кешкі сағат 21:00 ге дейін электр энергиясы толық берілуі тиіс.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Домбыраның үні бірер сағатта 100 мың қаралым жинады
22.10.2026, 17:27
Егемендік декларациясы – тәуелсіздікке бастаған тарихи құжат
22.10.2026, 17:25
Ақмола облысында шағын кәсіпкерлік пен мал шаруашылығы дамып келеді
22.10.2026, 17:20
Қолөнер шеберлері бұйымдарын қосымша арқылы сата алады
22.10.2026, 17:17
Әскери реформаға байланысты қоғам пікірі
22.10.2026, 17:15
Фейк: «Мұғалімдер мен дәрігерлерге арнайы ипотека»
22.10.2026, 17:12
Атырау облысының кәріз жүйелерін толық ауыстырады
22.10.2026, 17:10
Үшжақты кездесу алдағы айға жоспарланды
22.10.2026, 17:09