Қостанайда науқасқа келген жедел жәрдем фельдшері соққыға жығылды
Қостанайда науқасқа келген жедел жәрдем фельдшері соққыға жығылды. Егде жастағы әйел адамның жүрегі қысылып, ауа жетпей, тыныс алуы қиындаған. Жедел жәрдем шақыртқан қыздары медицина қызметкерлеріне келген бетте агрессия танытып, тілдеп, тиісумен болыпты. Келесі бір сәтте науқастың жүрегі тоқтап қалған.
Реанимация әрекеті нәтиже бермей, фельдшер науқастың жан тапсырғанын айтады. Сол сәтте екі қызы оны ұра бастаған. Тіпті қасындағылардың араша түскеніне бой бермей, көршілер полиция шақырған соң ғана тыншыған. Қазір соққыға жығылған 24 жастағы фельдшер бойжеткен ауруханада жатыр. Оның миы шайқалып, беті мен денесі бірнеше жерден көгеріп, жырылған дақ түскен.
Бауыржан Қасымхан - Облыстық ПД баспасөз хатшысы:
Алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде жедел жәрдем шақыртқандар мен медицина қызметкерлері арасында сөзге келіспеушілік болғаны анықталды. Оның барысында 41 және 51 жастағы екі әйел фельдшерге дене жарақатын салды.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17